RU
Бірінші сыныпқа қабылдау тәртібінде қандай өзгерістер бар?
Жаңалықтар Қоғам

Бірінші сыныпқа қабылдау тәртібінде қандай өзгерістер бар?

Рассказать Вконтакте

Жаңа оқу жылынан бастап қазақстандық ата-аналар тұрғылықты мекенжайына қарамастан, балалары оқитын мектепті өздері таңдай алады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мектеп. Көрнекі фото: mana.su

Мектеп. Көрнекі фото: mana.su
Source: UGC

Стартегия, цифрлық технологиялар сараптамасы бөлімінің басшысы Жазира Асанованың сөзіне сенсек, бұдан былай ата-ана немесе баланың заңды өкілі өздері таңдаған мектепке e.astana.kz сайты арқылы өтініш бере алады.

"Егер ата-ана нақты бір мектепті таңдағысы келсе, оған 30 тамызға дейін қол жеткізе алады", — деді әкімдік қызметкері.

Е.astana.kz сайтына электронды өтініш берген кезде, "Бірінші сыныпқа тіркелуге құжаттарды қабылдау" бөлімінде болашақ бірінші сынып оқушысының туу туралы куәлігінің, мектеп басшысының атына жазылған өтініштің және медициналық төлқұжаттың бірінші бетінің сканерленген көшірмесі мен екі 3*4 суретті жүктеу керек.

Электронды өтініш беруге мүмкіндік болмаса, ата-ана жақын маңдағы мектепке барса болады. Сол жерде баланы бірінші сыныпқа беруге көмек көрсетіледі.

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
1
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel