RU
Қараусыз қалған бір жарым жасар бала балабақшадан қашып кетті (видео)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қараусыз қалған бір жарым жасар бала балабақшадан қашып кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Ресейдегі Вологда қаласында жекеменшік балабақшаның бір жарым жасар тәрбиеленушісі қашып кеткен. Кішкентай бала қызметкерлердің қарауынсыз қалған сәтін пайдаланып, еш кедергісіз далаға өздігінен шыққан деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Балақайдың далаға шығып кеткен сәті көшедегі бейне бақылау камераларына түсіп қалған.

Бейнежазбада баладан кейін бірер минуттардан соң далаға жүгіріп шыққан тәрбиеші бой көрсетті. Ол балақайды іздегенімен таппай қалған.

Бір жарым жасар баланың жалғыз өзі далада безіп жүргенін байқаған бейтаныс әйел оны қайтадан балабақшаға әкеліп тастады.

Оқиғаға қатысты тергеу алдындағы тексеріс тағайындалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
6
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel