RU
Темір жол билеттерінің жетіспеушілігі не себепті туындайды?
Жаңалықтар Қоғам

Темір жол билеттерінің жетіспеушілігі не себепті туындайды?

Рассказать Вконтакте

Демалыс маусымында темір жол көлігі билеттерінің үнемі жетіспеушілігі, күн сайын әлеуетті құрылымдар мен өзге де мемлекеттік органдардың пойыздарда бір мың жарым орынды брондап қоюына байланысты туындап отыр екен, алайда, тапсырыс берушілердің қажеттілігі осыншама билеттің 80 процентін де құрамай отыр деп жазады NUR.KZ.

Фото: Владимир Заикин

Фото: Владимир Заикин

Темір жол билеттерінің жетіспеушілігіне қатысты проблемаға соңғы уақытта үкімет деңгейінде назар бөлініп отыр. Инвестициялар және даму министрлігінде бұл жағдайдан шығу жолдары іздестіріуде. Біздің дерек беруші ақпаратына сүйенсек, ИДМ-де тек қазір ғана, Қазақстанда күн сайын еркін сатылымнан шамамен 1200-1500 темір жол билетінің шығарылынып алынатыны талданып отыр.

Масштаб түсінікті болу үшін айтар болсақ, мұндай жолаушы санын тек «Тальгоның» төрт құрамымен тасымалдауға болады. Бәлкім, осы сан ғана, жолаушыларға билетті табиғатта жоқ, жоғары бағамен сататын бизнес көмектерді біржолата жоюға көмектесер ме еді.

Алайда, бұл салада тіпті министрлік деңгейдегі «мен» деген мемқызметкердің өзі байланысуға тәуекелге бармайтын, анау-мынау емес ведомстволардың қызығушылықтары болып отыр. Әлбетте, полиция қызметкерлері, әскериқызметтегілер, прокурорлар, азаматтық меморган қызметкерлері де күн сайын белгілі бір билет санын қажет ететін шығар. Алайда, нақты істе брондау бірнеше есеге жоғары болып отыр.

Пойыз жөнелтілуге екі сағат уақыт қалғанда да ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, прокуратура, тіпті азаматтық меморгандар брондары резервтегі билеттердің барлығынан 18-20 процентінен басқасы алынып тасталынбайды. Байқағанымыздай, 80 процент және одан көп брондалған орын ешкімге керек болмай қалады. Тіпті, пойыздың кетуіне екі сағат уақыт қалғанның өзінде үйінде отырған ақыл-есі дұрыс адам билет сатып алмайды.

Олар тек көмек берушілер үшін маңызды. Сол себептен де, мұның бәрі тектен тек емес деген күдіктің туындары сөзсіз. Жаман айтпай, жақсы жоқ демекші, қандай да бір жағдай бола қалса, әрине, құдай сақтасын, погондағы адамдарға ешқандай бронь қажет болмайды. Мұндай жағдайда қосымша вагондар тіркеп немесе бөлек құрамдар береді. Ондайда әскерилер де, полицейлер де жолаушылар пойыздарымен емес, литермен – тек жасыл жанып тұратын және аялдамайтын құраммен барады.

Қазіргі кезде барлық әлеуетті құрылымдар билеттерді Астана мен Алматыға брондайды. Елордаға қатыстысы түсінікті делік, ал Алматы қызметтік мақсат принципіне мүлдем кірмейді.

Оңтүстік астанада мемлекет мүддесі үшін кілемге шақыратындай, ешқандай да министрлік жоқ. Оның үстіне, әскери округтардың штабтары басқа қалаларда орналасқан.

Ал Қызылорда – Алматы немесе Ақтөбе – Алматы бағытындағы еркін айналымдағы билеттердің неге алынып тасталынатыны тіпті түсініксіз? Әлде құқыққорғау органдарының жоғары шенді емес қызметкерлері отбасыларымен Медеуге және барахолкаға қарапайым жолмен барып келу үшін бе екен? Бәлкім, бұл болашақ алыпсатарлар үшін резерв бе екен? Өйткені, тасымалдаушылардың бірде біреуінің бронь бойынша билет сатып алған адамның жедел қызметкер немесе құпия қызметкер екенін тексеру мүмкіндігі жоқ, себебі билеттер азаматтың жеке куәлігі бойынша сатылады.

Алайда, нақты факт, ол квотадағы билеттердің 80 және одан көп проценті түптеп келгенде, сатып алынбайды, ал пойыздарда бос орындардың болуын, кассада билеттің жоқтығымен түсіндіріледі. Ендеше, қоғам белсенділері мен финполиция өкілдері кінәратты басқа жерден іздеу керек.

Бронға министрлік және ведомстволар басшылары тапсырыс жасайды. Мәселен, ІІМ басшысы пойызбен бір жерге бара қоймас, және де ол өз басы билеттерді таратпайтыны да түсінікті. Мұнымен аумақтық бөлімшелер – желілік полиция, көлік прокуратурасы, ұлттық қауіпсіздік департаменті, тағысын тағы орган басшылары айналысады.

Қалай және кімге олар билеттерді таратады және мүлдем таратады ма? Есесіне, олар оларға тиесілі орындарды және бұл билеттерге тапсырыс болмаса, олардың сатылмайтынын да біледі. Осыны біле тұра олар, өз еріктерімен қояндарды отырғызу арқылы немесе көмектесушілерімен біріге отырып, тасымалдаушыларға қысым жасайды.

Әрине, жолсеріктер ғана емес, пойыз бригадирлері де погондағы адамдармен дау-жанжалға бармасы анық, өйткені, біздегі құрамдардың бәрі жаңа болмағандықтан, вагоннан және шағын арбашықтан қандай да бір кемшілік табылары анық. Әрбір вагонда вагонның шыққан уақыты көрсетілген нәл бар. Кейбір вагонға жүз жылдай болған. Бірақ, бірде-бір адам әлеуетті құрылым адамдары және басқа да қараушылар – санитарлық дәрігерлер немесе көлік бақылау қызметкерлері – вагонды ескі болуына байланысты өз талаптарына сәйкес келмейтіндіктен құрамнан ағытып алыпты дегенді естімеген шығар. Мысалы, мен естіген жоқпын.

Бұдан түйетініміз, барлық бақылаушы-қадағалаушы органдар қандай да бір жағдайға байланысты, болуы ықтимал кемшіліктерге көз жұма қарайды. Бұл қандай жағдайлар – соны билетті брондауы орталықтандырылған, билетсіз жол жүру фактілері анықталғаны туралы өз бастығына рапорт жасап жатқан, комиссияның сарапқа салғаны жөн болар еді. Жолсеріктердің қаражат жинауы осы жағдайға байланысты ма екен?

Кеңестік кезеңнен келе жатқан бронь – бұл көлеңкелі нарықты толықтырып отырудың бір тәсілі. Алайда, полицияда, прокуратура да, қаржы полициясы да бұл толықтыруды жою бастамасын көтерген емес.

Есесіне, демалыс маусымында көмектесушілердің күндізгі тапқан ақысы кейде 200 мың теңгеге дейін жетіп жығылады.

Соңғы кезде БАҚ-та бірінен соң бір қақтығыс орнынан – билет алыпсатарлар анықталды, анау бір жерде билетсіз жолаушы анықталды, тағысын тағы мәліметтегі ақпараттар жиі шығып жатыр. Бірақ, бірде-бір рет жасалған қорытынды мен қабылданған шаралар туралы ақпарат шыққан емес.

Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің дерегі бойынша темір жол көлігімен жылына 18 миллион шамасында адам тасымалданады екен. Бірақ, 7-ден 9 миллионға дейінгі жолаушылар пойыздарда жазғы үш айда тасымалданады. Әрине, қалған тоғыз айда билетке қатысты ажиотаж жоқ.

Әрине, әрдайым бос орындары бар вагондарымен қоса қажетінше пойыздар шығару арқылы алыпсатарлар тамырына бір жолата балта шабуға болар еді. Онда билеттер қаншалықты қымбатқа түсер еді? Алып қарайтын болсақ, жиырмажылдық жолаушы вагоны 42-45 миллион теңге тұрады. Жаңасы - 300 миллионнан басталады. Ал бізде көптеген темір жол бағдарлары (барлық елдерде жолаушылар тасымалы шығынды болып келеді) тиісті деңгейде субсидияланбайды.

Жолаушылар ағыны бойынша статистикадан белгілісі, паркті ұлғайту жыл бойы қажет етпейді, тек жаздың үш айында ғана қажет. Сондықтан мәселені ақша кетірмей-ақ, тәртіпті қалыпқа келтіре отырып, проблеманы шешкен әлдеқайда тиімді.

Ал тәртіпті қалай келтіруге болады? ИДМ кассалар жұмысын қатаң бақылауға алуды ұсынады.

ИДМ баспасөз-қызметінің хабарлауынша, нарықта 4700-ден астам билет кассалары жұмыс істейді. Соның ішінде, мемлекеттік («Жолаушылар тасымалы» АҚ-на тиесілісі) 238. Иә, бұлардың қатарына ірі вокзалдарда шоғырланған барлық кассаларда кіреді. Бірақ, вокзалдан 50-100 метр қашықтықта тағы бірнеше касса орналасқан. Нарықтың заңдары бойынша олар ол жерде болмауы тиіс еді. Ойлап қараған адамға, делдалға кім барады, егер жақын маңда «Жолаушылар тасымалы» кассалары орналасқан болса?

Ақ нарықтың заңы бойынша, олар баяғыда-ақ құлдырауы тиіс еді. Бірақ, сұр нарықтың заңы бойынша олар өмір сүрулерімен қатар гүлденіп, алыпсатарларға көмек көрсету арқылы да табыс табуда.

ҚазТАГ ақпараттық агенттігі ИДМ баспасөз-қызметінің деректеріне сүйене отырып, жақында бір күнде бір касса арқылы 30 билеттің қайтарылған фактісі туралы хабарлады.

Бұл дәлірегінде, көлеңкелі бизнестегілердің дер кезінде билеттерді достары мен туыстарының аты-жөніне сатып алып, кейін оларды екі есе бағамен алыпсатарлар арқылы сатып алушылар атына қайта ресімдеген оқиға болса керек. Ал бұған ұжымдық брондау сияқты кеңестік жұрнақ көмектесуде. Бұл туралы оның пайдасын көргендер ғана біледі.

Теориялық тұрғыдан алып қарайтын болсақ, кез келген заңды тұлға кез келген кассадан Иванов, Сидоров, Козловқа оларды қандай да бір ынтагерлер слетіне жіберу үшін билет сатып ала алады. Мұндай жағдайда ақшаны бірден төлеу де қажет емес. Хатқа «уақытылы төлеуге кепілдік береміз» деген мәліметті қосып берсе де жеткілікті. Ал шығарда, билеттер жоғарыда аталған жігіттерге емес, анкеталық дерегі мүлдем бөлек адамдарға болып шығады. Кассаға көмектесушілер кімді алып келді, брондалған билеттерді солардың атына жазып береді. Ал факт бойынша кез келген «Рога и копыта» ЖШС өзінің шарасына кімді жіберетінін өзі шешуге құқылы.

Көлеңкелі билет бизнесінде маржиналдылықты ұлғайту үшін шығынды қалайша төмендетуге болады? Алыпсатарлар алдын ала балалар билетін елупайыздық баға құнымен сатып алады. Содан кейін оларды қайтарып, делдал арқылы кассаға келген нақты бір сатып алушыға билетті қайта рәсімдейді. Мұндай қитұрқы әрекетті мемлекеттік кассаларда жасау мүмкін емес, өйткені, билеттен бас тартқан жағдайда ол автоматты түрде АСУ «Экспресс» электронды билет сату жүйесіне еніп, оны Интернетте күтіп отырған кез келген адам сатып ала алады.

Еске салайын, қазір алыпсатарлық құқықбұзушылық ретінде қабылданбайды. Желілік полиция қызметкерлерінің мұрны астында өз бизнестерін қаннен қаперсіз жүргізіп жатқан көмектесушілерді, кейде боямашылық рейдтер кезінде ұстап алып, жақында пайда болды деген сыңай танытады, тіпті, болмаған жағдайда, азаматтардың мазасын алғаны үшін айыппұл салады. Мұндай жағдайда айыппұл 5 АЕК-ті құрайды. Рецидив барысында – 10 АЕК. Басқалай баптар қарастырылмаған.

Күндізгі табыс көзі 100-200 мың теңгені құраған шақта, бұл түкке тұрғысыз ақша екені айтпаса да түсінікті. Оның үстіне, айыппұлды қандай да бір кампания барысында көзге түсіп қалғандарға салады, ал шын мәнінде бұл құбылыспен толық күресіп, жоюға ешқандай мақсат қойылып жатқан жоқ. Ащы да болса, шындық осы.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel