RU
Ақтөбеде суға батқан қыз куәгерлердің көзінше қайтыс болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтөбеде суға батқан қыз куәгерлердің көзінше қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

"Алау" атты жекеменшік жағалаудың аумағында қайғылы оқиға орын алды. Демалуға келген үш бойжеткен суға бата бергенде көмекке шақырып айғайлаған. Олардың екеуін судан шығарып алғанымен, үшінші қыздың құтқарып үлгермеген деп жазады "Ақтөбе Таймс"-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: aif.ru

Фото: aif.ru
Source: UGC

Оқиға 29 шілде күні орын алған. Басылымның мәлімдеуінше, қыздар көмекке шақырғанда оларды құтқаруға көп адам талпынбаған.

Екі бойжеткенді судан шығарып алғанымен, 15 жасар оқушы қызды құтқарып үлгермей қалған. Қыз баланың денесін тек 40 минуттан соң құтқарушылар шығарып алды.

Желі қолданушысы қыз баланың көптеген куәгерлердің көзінше қайтыс болғанын жазды. Оның айтуынша, демалыс орнында жағалауда отыратын құтқарушылар мүлде болмаған.

Демалушылардың басым көпшілігі жағалаудың қауіпсіздік үшін қажетті деңгейде жабдықталмағанын айтып ашынды.

Куәгерлердің бірі Любовь Москальчук қыз балаға көбісі көмектеспей жай қарап тұрғанын айтады. Оған қоса, кейбір адамдар тіпті ұялы телеофондарын алып оқиғаны түсіріп тұрған.

Сіздің реакцияңыз
5
0
6
3
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel