RU
Ресейде тікұшақ апатқа ұшырап, 18 адам қаза тапты
Жаңалықтар Әлемде

Ресейде тікұшақ апатқа ұшырап, 18 адам қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Краснояр аймағында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, әуе кемесінің бортында болған 18 адам қаза тапты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: pastinfo.am

Фото: pastinfo.am

Қайғылы жағдай 4 тамыз күні сағат 10:20-да Игарка аулының маңында орын алды.

Ресейлік тергеу комитетінің мәлімдеуінше, тікұшақ бортында әуе кемесінің бортында 18 адам болған. Олардың ешқайсысы тірі қалмады.

Қазіргі таңда қауіпсіздік шараларының сақталмауына байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Анықталғандай, Ми-8 құлар алдында 2 шақырымдай ұшқан. Жермен соқтығысқан сәтінде тікұшақтың жанармай бактары атылып, нәтижесінде тікұшақ толығымен жанып кетті.

Utair компаниясына тиесілі әуе кемесі "Ванкор" мекемесінің қызметкерлерін тасымалдаумен айналысқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, апатты жағдайдың орын алуына тікұшақтағы ақау немесе экипаждың қателігі себепкер болды.

Оқиға орнында арнайы тексеріс жүріп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
8
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel