RU
Нұрсұлтан Назарбаев қайғылы жағдайға орай Путинге көңіл айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Нұрсұлтан Назарбаев қайғылы жағдайға орай Путинге көңіл айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Елбасы Ресей президентіне 18 адамның өмірін қиған тікұшақ апатына байланысты көңіл айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: vestikavkaza.net

Фото: vestikavkaza.net

Назарбаев 18 адамның жанын алып кеткен тікұшақ апаты туралы хабарды үлкен қасіретпен қабылдағанын жеткізді.

«Қазақстан халқының атынан және өзімнің атымнан қайтыс болғандардың отбасыларына, туыстары мен достарына көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.

Айта кетейік, 4 тамыз күні Краснояр аймағындағы Игарка ауылының маңында ресейлік Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап 18 адам қаза тапты. Олардың үшеуі экмпаж мүшесі болса, қалғандары тасымалданған мекеме қызметшілері.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
3
3
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel