RU
Айдай сұлу полицей қыз ойламаған жерден танымал болып кетті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Айдай сұлу полицей қыз ойламаған жерден танымал болып кетті

Рассказать Вконтакте

Пиа Миллер есімді аруды демалыс күндері көргендер оның полицей болып қызмет ететініне сенбес. Ерекше сұлу бойжеткен ауыр қызмет атқаруымен қатар, екі баланың анасы екенін айтып жұртшылықты таңғалдыруда деп жазады NUR.KZ.

Мінсіз мүсінді ару расымен де екі баланың анасы. Онымен қоса жергілікті бөлімшеде қызмет ететін полицей болып табылады.

Ерекше сұлу Пиа әлеуметтік желіге бұған дейін қызығып көрмеген. Алайда, мұндай әдемілікті жасырудың өзі қылмыс екенін айтқан құрбылары оған арнайы парақша аштыртқан. Бастапқыда біртіндеп суреттерін сала бастаған аруға тіркелушілер саны бірден артқан.

Екі баланың анасы болған полицей әйелдің сұлулығына көпшілік тәнті болып, оған әдемілік құпияларымен бөлісуді өтінген.

Ал ердер қауымы болса сылқымға өз сезімдерін айта жарысқан. Алайда, Пиа өзінің өмірлік махаббатын ертерек кездестіріп қойған. Ол балаларының әкесі. Сұлулығына көпшілік тамсанған әйелінің әлеуметтік желідегі белсенділігіне ер адам қарсылық білдірмеді.

Бірақ өзі ондай желіден алшақтау болғанды ұнатады. Сол себепті әлі күнге дейін жеке парақшасын ашпаған.

Ерлі зайыптылардың екі ұлы бар.

Қазіргі таіда Пиа Миллер өзін модельдік пен актерлікке арнаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
1
1
14
16
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel