RU
Жамбыл облысының тұрғыны үш қап марихуанамен ұсталды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Жамбыл облысының тұрғыны үш қап марихуанамен ұсталды

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында «Көкнар-2018» шұғыл-профилактикалық шаралары барысында 38 жастағы жергілікті тұрғын 40 кг марихуанамен ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды Вaq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ria.ru

Фото: ria.ru

«Меркі ауданы құмды аймағының 23-шақырымында Жамбыл облысы ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері 38 жастағы азаматты ұстады. Бұрын сотталмаған. Осы ауданның тұрғыны. Ұсталған азаматтан үш қап - барлығы 38,8 кг марихуана тәркіленді», - деп хабарлады полиция.

Ұсталған адам қылмысын мойындады және Меркі ауданы ІІБ уақытша қамау изоляторына жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel