Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұмса табиғаты көздің жауын алатын қазақстандық көл жайлы не білеміз?

Опубликовано:

Атыраудың Индербор аудан орталығынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан тұзды суының емдік қасиеттері бар, тұмса табиғаты көздің жауын алатын көл жайлы естіп пе едіңіз? Егер құпиясы әлі күнге дейін ашылмаған көл жайлы хабарыңыз болмаса, Ақжайық басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ Тұздыкөл жайлы қызықты деректерді назарыңызға ұсынады.

Фото: azh.kz. Авторы: Анастасия Алюшина
Фото: azh.kz. Авторы: Анастасия Алюшина: UGC

Емдік шипасы бар көлдің қалай пайда болғаны жайды аңыздарға сенсек, Қаламқас есімді көріпкел қыз талай адамдардың дертіне дауа тауып, сырқаттарынан айықтырып, емдеген екен. Алайда бір көрікті жас жігітті жауапсыз құлай сүйген ару өз жүрегін емдей алмапты. Қаламқастың аққан көз жасыннан Тұздыкөл деп аталатын көл пайда болған деседі.

Фото: Ақжайық. Авторы: Анастасия Алюшина
Фото: Ақжайық. Авторы: Анастасия Алюшина: UGC

Автордың жазуынша, Тұздыкөлді өз көзімен алғаш көрген адам жер мен көкті ажыратуға тырысқанымен көкжиек сызығын таба алмай, ол құдды ғайып болғандай әсер қалдырады екен.

Фото: Ақжайық. Авторы: Анастасия Алюшина
Фото: Ақжайық. Авторы: Анастасия Алюшина: UGC

Ал көлдің көкшіл-мөлдір суынан нығыздалған аппақ тұздың теп-тегіс түбі көрініп тұрады. Бірақ бұл жердің тереңдігі жарты метрден аспайды.

Фото: Ақжайық. Авторы: Анастасия Алюшина
Фото: Ақжайық. Авторы: Анастасия Алюшина: UGC

Автордың сиппаттауынша, жағалау бойында бір-бірінен бірнеше метр қашықтықта емдік балшығы бар шағын шұңқырлар көрінеді. Жанында тік күректің темір науасы жатыр, онымен демалушылар осындай шұңқырлар жасайды екен. Жағалауда емдік қара балшықты тұла бойларына тұтас жағып алған адамдар көруге болады.

Фото: Ақжайық. Авторы: Анастасия Алюшина
Фото: Ақжайық. Авторы: Анастасия Алюшина: UGC

Тұздыкөлге түсіп, балшық ваннасын қабылдау үшін бұл жерге Қазақстанның түкпір түкпірінен ғана емес, басқа елдерден де көп келеді. Алайда адамдар тұзды көл суы мен жағалау балшығының қандай сырқаттарға ем болатынын, қандай жағдайда қарсы көрсетілімдері бар екенін әлі дұрыс білмейді.

Фото: Ақжайық. Авторы: Анастасия Алюшина
Фото: Ақжайық. Авторы: Анастасия Алюшина: UGC

Дәрігерлер Тұздыкөлде шомылу буын ауруларына жақсы көмектеседі деп азды-көпті сеніммен айтады. Кей мамандар ревматизм, остеохондроз, полиартрит, тері аурулары, асқазан асты безі ауруларына мың да бір ем деп, аурулар тізімін кеңейтеді. Бірақ жоғары қан қысымы бар жандарға, инсульт, инфаркт ауруларына ұшырағандарға, бүйрек және бауыр ауруларына шалдыққандарға ескерту жасайды.

Фото: Ақжайық. Авторы: Анастасия Алюшина
Фото: Ақжайық. Авторы: Анастасия Алюшина: UGC

Өкіншітісі талай адам еміне шипа іздеп келетін бұл жерде ешқандай инфрақұрылым жоқ, жағалауда жетімсіреген тек қоқыс жәшігі ғана бар. Адамдар өздерімен әкеле алатын заттарын ғана әкеледі екен.

Фото: Ақжайық. Авторы: Анастасия Алюшина
Фото: Ақжайық. Авторы: Анастасия Алюшина: UGC

Бірнеше жыл бұрын жергілікті кәсіпкерлердің бірі осы жерден жалға жер телімін алып, шатырлар тігіп, автоцистерналармен тұщы су жеткізуді жолға қойып, электр генераторын орнатып, тамақ дайындайтын жерді жабдықтаған екен. Бірақ оның бизнесі жүрмепті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1745834-tmsa-tabigaty-kzdi-zauyn-alatyn-kazakstandyk-kl-zajly-ne-bilemiz/

pixel