RU
Тәуекел Мүсілімнің белгісіз арумен құшақтасып билеген видеосы таралып кетті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Тәуекел Мүсілімнің белгісіз арумен құшақтасып билеген видеосы таралып кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Сымбатымен талайды таңдай қақтырып, сылқым сұлулардың арманына айналған Тәуекел Мүсілім досы Бауыржан Сатовтың тойында белгісіз арумен көзге түсті. Желіде таралған видеоны көріп, көпішілік оны актердің болашақ қалыңдығы деп топшалаған. Бұл туралы NUR.KZ жазады.

Кеше ғана Шымкентте дүркіретіп өткен Бауыржан Сатовтың тойынан таралған видеодан актердің белгісіз арумен вальс билеп жүргені байқалады.

Аталмыш видеоны қызу талқыға салған желі қолданушылары актер мен белгісіз арудың жарасымды жұп екенін айтып, бойжеткенді хас сұлуға теңеген.

Жеке өмірін барынша құпия ұстайтын сүрбойдақ әнші бұған дейін жүрегін жаулаған арудың бар екенін айтқан еді. Алайда бойжеткеннің жасын ғана айтып, елді қызықтырып қойған актер сүйіктісі жайлы одан әрі тіс жармаған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
11
2
4
3
12
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel