RU
Астанада ЭКСПО-ны салған 400-дей құрылысшы әлі жалақысын ала алмай жүр
Жаңалықтар Қоғам

Астанада ЭКСПО-ны салған 400-дей құрылысшы әлі жалақысын ала алмай жүр

Рассказать Вконтакте

"Экспо-2017" Халықаралық көрме әлдеқашан өтіп кетсе де, 400-ге жуық жұмысшы маңдайтер ақыларын әлі алмаған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадр КТК арнасынан алынды

Кадр КТК арнасынан алынды

Жалақыларын талап етіп, шу шығарған жұмысшылардың сөзінше, олар екі жыл бойғы еңбекақыларын әлі алмаған.

"Біз 2015-2016 жылдары мына "Экспоның" бас кеңсесі мен қоймаларды салғанбыз. Сол үшін бір өзім 1,5 миллиондай ақшамды алған жоқпын. Екі жыл бойғы еңбегіміздің ақысын ала алмай екі жыл сандалып жүрміз", - дейді Сергей Шульгин.

"Экспоны" салған 6 компанияның қызметкерлері. Олардың бірі тоқ тартумен, екіншісі құрылыс, енді бірі ішкі әрлеу жұмыстарымен айналысыпты. Ал оларды жалдаған бас мердігер "ADS" құрылыс фирмасы. Бір қызығы, осы алып компания "Экспоның" бұрынғы төрағасы үш жыл бұрын қамауға алынған уақыттан бастап жалақы төлеуді доғарыпты.

Өйткені, өзі де Талғат Ермегияевпен қоса көрмеге бөлінген миллиардтарды жегені үшін ұсталған болатын. Бірақ, сол кезде қарапайым жұмысшыларға мұның зардабы тимейтінін айтып сендіріпті.

Кадр КТК арнасынан алынды

Кадр КТК арнасынан алынды

"Қылмыстық іс өз ісіменен, ал сіздердің жұмыстарыңыз бөлек. Егер бітірсеңдер бәрін онда ақшаның бәрі төленеді уақытында деп бізді сендірді. Сондықтан жұмыс тоқтаған жоқ. Мердігердің бәрі істеді. Әр қайсысы электрик, құрылысшы, ішкі жұмыстарды істейтін барлық барлық компаниялар жұмыс істеген", - дейді Ботагөз Айнақұлова.

Алайда жұмысшылар екі жыл бойы босқа тер төккен екен. Өйткені, ақшаны қайтарады деп үміт артқан компания басшысы, 14 жыл бас бостандығынан айырылған "Экспоның" экс-төрағасымен бірге екі жарым жылға сотталып кеткені мәлім.

Сондықтан жарты миллиард теңгеге жуық жалақыны кімнен дауларын білмей, жүздеген жұмысшы сотқа жүгінген. Судья олардың арызын қанағаттандырып, бас мердігер ADS компаниясынан айлық ретінде ақша өндіру туралы шешім шығарыпты. Бірақ, оның орындалар түрі жоқ.

Сіздің реакцияңыз
11
0
3
1
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel