Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда үш жасар бүлдіршін шұжықтан қайтыс болған

Опубликовано:

Жаңа жылда Қарағандының жұқпалы аурулар ауруханасында көз жұмған үш жасар Әйзере ҚаҺарманованың неден қайтыс болғанын жарты жыл зерттеген мамандар, сараптама қорытындысын ақыры жариялады. Бала шұжықтан қайтыс болған деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Марқұм бүлдіршін. Кадр 31 арнадан алынды
Марқұм бүлдіршін. Кадр 31 арнадан алынды: UGC

Әйзеренің анасы сараптама қорытындысына сенбейді. Сөзінше, қызының өлімін тексерген мамандар негізгі сұрақтарға жауап бермеген.

"Бізден анализдер алды, Әйзереден алды. Бірақ ондай ештеңе шыққан жоқ. Шұжық бәрі таза. Біздің ағзамыз да таза деп шықты. Ал осы сот-медициналық экспертизаның қорытындысы тағы да шұжық кінәлі деп көрсеткен", - дейді марқұм бүлдіршіннің анасы Диана Қаһарманова.

Сот-медициналық сараптама бүлдіршіннің анасы ауруханадан үйіне 13 сағатқа алып кеткенде, шұжық жегеннен қайтыс болғанын көрсеткен. Мамандар, тіпті осы уақыттың ішінде Әйзеренің бірнеше инфекциялық микс, рото және энтара вирустарын жұқпалы аурулар ауруханасында емес, үйінде жұқтырғанын анықтаған көрінеді.

Алайда бұнымен келісіпеген Әйзеренің анасы, енді шетелдің сарапшыларынан көмек сұрайтынын айтады. Сараптама қорытындысына шағымданамын деп, тіпті қорғаушыны да жалдап қойыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1745854-karagandyda-s-zasar-bldirsin-szyktan-kajtys-bolgan/

pixel