RU
Алматыда ұрылар қоғам белсендісінің су жаңа көлігінің қос айнасын үптеп кетті
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда ұрылар қоғам белсендісінің су жаңа көлігінің қос айнасын үптеп кетті

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласында айна ұрлығы азаймай тұр. Денис Теннің өлімі мен полицияның бірнеше рейдтік шарасы да ұрыларды үркіте алмаса керек, тағы бір тұрғын көлік ұрыларынан жапа шеккен деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: drive-news.net

Көрнекі фото: drive-news.net

Қылмыс таңғы бесте оңтүстік шаһардағы элиталық ауданның бірінде болған. Айнасы ұрланған көлік иесі ұрының үстінен түсуге батпадым деп отыр.

"Алдында Денис Тенді пышақ тығып кетті ғой. Егер ұрлықшыны көріп жүгіріп барсам, мені де пышақтап жіберсе, ол қалай болады? Сондықтан мен шыққан жоқпын", - дейді "Байтақ болашақ" экоальянсының төрағасы Азаматхан Әміртай.

Достық көшесінен келген ұрыға Лексус-570 маркалы көліктің айнасын алып кетуге бар болғаны 10 минут жеткілікті болыпты. Ең әуелі сол жағындағы айнаны 5 минутта шығарып алыпты. Содан кейін оң жағындағы айнаны 5 минутта үптеп кеткен. Оның барлығы таяу маңдағы бейкамераларға түсіп қалған.

Кадр 31 арнадан алынды

Кадр 31 арнадан алынды

Азаматхан Әміртай айнасын алғаш рет ұрлатпапты. Екі ай бұрын дәл осы Медеу ауданында қос айнасы қолды болып, қара базардан сатып алып қайта орнатқан екен. Ал қос айнаның ресми бағасы 1 миллион теңгеге жуық. Көлік бөлшектерін саудалайтын базарларды бірнеше рет тексерген Алматы полициясы айна ұрлығына тосқауыл қою қиын дейді. Себебі қалаға келіп-кетіп жатқан азаматтарға бақылау жоқ.

"Алматы қаласында бір емес бірнеше рет сондай жағдайға душар болған азаматтар көп. Енді қала үлкен, көлемді. Қаланың бүкіл шекарасы ашық келем дегедерге. Тек біздің көршілес өңірлердің тумалары ғана емес, көрші елдердің азаматтары да келіп жатады", - дейді Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Ал ұрлықтың азаймауы қылмыстың осы түріне жазаның жеңіл болуы дейді Салтанат Әзірбек. 2015 жылдан бері ұрылар ұсталса да, тергеу кезінде немесе сот барысында зардап шегушімен келісімге келіп талайы тайраңдап жүр екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
2
6
3
1
2
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel