RU
АҚШ-та екі қазақстандық боксшы қарсыластарын нокаутқа түсірді
Жаңалықтар Спорт

АҚШ-та екі қазақстандық боксшы қарсыластарын нокаутқа түсірді

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық екі кәсіпқой боксшы АҚШ-тың Нью-Джерси штатында өткен бокс кешінде қарсыластарын жеңіп, жанкүйерлер қуантты деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мадияр Әшкеев. Фото: Main Events

Мадияр Әшкеев. Фото: Main Events

Атлантик-Сити қаласында өткен жекпе-жекте Мейірім Нұрсұлтанов доминикалық Джонатан Батистаны техникалық нокаутпен жеңсе, Мадияр Әшкеев эквадорлық Эдуардо Флоресті мерзімінен бұрын жеңген.

Айта кетейік, қос боксшы да жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалев пен колумбиялық Элейдер Альвареспен кездесуінің андеркартында өнер көрсеткен.

Мейірім Нұрсұлтанов

Мейірім Нұрсұлтанов

Өкіншіке орай Ковалев чемпиондық титулын қорғап қала алмады. 12 раундтық кездесу 7-ші раундта аяқталды. Альварес ресейлік қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, соңында нокаутқа жіберген.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
1
5
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel