RU
Қазақ қызы халықаралық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қазақ қызы халықаралық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Мәскеу іргесіндегі Мытище қаласында өткен "Пироговский рассвет" халықаралық эстрадалық орындаушылар конкурсында қазақ қызы Сая Махамбет бас жүлдені жеңіп алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қуанышты жаңалығымен әнші өзінің желідегі парақшасында бөліскен.

"Аллаһтың қалауымен Мəскеу қаласында өткен 8-Халықаралық "Пироговский рассвет" байқауының бас жүлдесін қанжығамызға байладық. Байқауға 40 шақты ел қатысуға өтініш білдіріп, ақтық сынға 11 мемлекет іріктеуден өтті. Бұл байқауда өзімнің авторлық туындым "Қазағымсың", жəне "Кукушка" əнін орындап шықтым! Халықтың ықыласы өте тамаша болды!", - деген Сая өзіне қолдау білдірген барша жанға алғысын білдірген.

Қазақпараттың мәліметінше, конкурста қойылатын ең жоғары бал - 70 болса, Сая Махамбет соның 68 балл жинап, бас жүлдені иеленген.

Сіздің реакцияңыз
3
1
1
2
2
25
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel