RU
Усама бен Ладеннің анасы ұлының қалай террористке айналғанын айтты (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Усама бен Ладеннің анасы ұлының қалай террористке айналғанын айтты (фото)

Рассказать Вконтакте

Усама бен Ладеннің анасы ұлының қалай террористке айналғанын айтып берді деп жазады life.ru порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алия Ганем. Фото © Twitter/NamasteToIndia

Алия Ганем. Фото © Twitter/NamasteToIndia

Алии Ганемнің сөзінше, ол Сауд Арабиясында оқып жүргенде мүлдем басқа адам болған. Ол тіпті ұлының экстремист болып, 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы теракт ұйымдастырады деген үш ұйықтаса түсіне кірмеген.

"Ол университетте санасын өзгерткен адамдарды кездестірмегенше әлсіз бала болатын. Бұны табынушылық деп айтса болады", - дейді Ганем.

Әйел адамның сөзінше, ол ұлына ол адамдардан аулақ жүруін ескерткен. Король университетінде бен Ладен өзінің діни тәлімгері болған "Мұсылман бауырлар" *(ред. ҚР аумағында тыйым салынған экстремистік діни ұйым) ұйымынан болған Абдулла Аззамоммен танысқан.

Ал оқу бітіргеннен кейін бен Ладен Ауғанстанға іс-сапармен жиі барып, бүкіл ақшасын сарп ететін болған.

Айта кетейік, нөмірі бірінші террористің 2011 жылы АҚШ-тағы арнайы операция кезінде көзі жойылды. Америка билігі оны 2001 жылғы 11 қыркүйектегі терактіні басты ұйымдастырушы деп санайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
1
1
3
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel