Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызынан да жас көрінетін ресейлік танымал әнші желіде қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Желі қолданушылары ресейлік танымал әнші Вера Брежневаның бойжетіп қалған қызымен түскен суретін желіде қызу талқыға салды. Олардың пікірінше, әнші қызына қарағанда жас көрінеді деп жазады NUR.KZ.

Instagram әлеуметтік желісінде жариялаған суретке қарап, кей желі қолданушылары Вера Брежнева мен қызы Соня Киперманды әпкелі-сіңілі қыздар деп ойлап қалса, енді бірі 36 жастағы әншінің мінсіз мүсініне таңдай қағуда.

"Бұл шынымен анасы ма, әлде керісінше ме?", "Анасы қандай әдемі, маған ғана ол жас көрініп тұр ма?", "Апалы-сіңілілер секілді", "Вера жасарғанның үстіне жасара түсуде" деген желідегілер түрлі пікірлерін жаудырды.

Айта кетейік, бүгінде Вера Брежнева екі қызды тәрбиелеп отыр.

Әншінің 17 жастағы қызы Соня Киперман 2001 жылы өмірге келсе, 2012 жылы екінші күйеуінен Сара атты қызы дүние есігін ашқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1745893-kyzynan-da-zas-krinetin-resejlik-tanymal-nsi-zelide-kyzu-talkyga-tsti/

pixel