RU
Британияда 18 жастағы қыз өмір бойына сотталып кетті
Жаңалықтар Әлемде

Британияда 18 жастағы қыз өмір бойына сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Британ соты Лондон тұрғыны Сафаа Буларды терактілер дайындағаны үшін айыпты деп танып, 18 жастағы бойжеткенге өмірлік түрме жазасын кескен деп хабарлайды Азаттыққа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: clutch.ua

Көрнекі фото: clutch.ua

Азаттықтың мәліметінше, Сафаа Булар – Ұлыбританияда терроризм айыбымен сотталған ең жас әйел. Алқабилер соты оны "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымымен байланыста болғаны және Лондонда екі террорлық шабуылға дайындалғаны үшін айыпты деп таныған.

Тергеу болжамы бойынша, Булар анасы және әпкесімен бірге терактілер жасауды жоспарлаған. Биыл маусымда британ соты Сафаа Булардың 22 жастағы әпкесі Ризлейн Буларға өмірлік түрме жазасын кескен, қыздардың анасы 44 жастағы Мина Дич алты жыл тоғыз айға бас бостандығынан айрылған.

Екеуі де терактілер жасауға дайындалғанын мойындаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
4
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel