RU
ШҚО-да шегесіз салынған әйгілі мешіт жермен жексен болып құлайын деп тұр
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да шегесіз салынған әйгілі мешіт жермен жексен болып құлайын деп тұр

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысының Ақкөл ауылындағы бір ғасырдан астам тарихы бар сәулет ескерткіші қирау алдында тұр. Оның ерекшелігі, ағаштан салынған ғимаратта бірде-бір шеге қолданылмаған. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

ШҚО-да шегесіз салынған әйгілі мешіт құлайын деп тұр

Фото: 24.kz

Кезінде мешіт болған нысан, біраз жылдан бері апатты жағдайда тұр. Іргетасы жермен жексен болып, ағаш белдіктері әбден шіріп кеткен. Ақкөл ауылында қазір бірнеше үй ғана қалған.

Солардың бірінде зейнеткер Гүлшира әжей тұрады. Бірақ ол кісі көшпейтінін айтады. Себебі мешіт ғимаратын қараусыз қалдырып кеткісі келмейді.

"Төбесінің қаңылтыры ұшып кетті. Мұнаралары әлі құламайды", - дейді Гүлшира Сапариева.

Бұл мешітті осыдан 111 жыл бұрын жергілікті Сұлтан Фазылбеков есімді азамат салған екен. Ғимараттың құрылыс жұмыстарына Башқұртстанның ең мықты деген сәулетшілерін жұмылдырыпты.

Ал құрылыс материалдары бүкіл Ертіс жағасындағы елді мекендерден жеткізілген көрінеді. Ғимарат мешіт ретінде 10 жыл ғана пайдаланылған. Кейіннен Кеңес үкіметінің тұсында мұнда бастауыш мектеп болған.

Ауыл белсенділерінің бірі Мәлика Наурызбаеваның айтуынша, бұл ғимаратты қайтадан қалыпқа келтірсе, ауыл да ажарлана түседі.

Биыл жазда бұл ғимаратқа облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының мамандары да қызығушылық танытыпты.

Олар мешітті қалпында сақтап қалуды бұрын да қолға алған екен. Алайда оны облыс орталығына апарып қоймақ болған.

Бірақ бұған жергілікті тұрғындар қарсы болыпты. Енді алдағы уақытта аталған ғимарат Ақкөл ауылының сәніне айналады деген сенім мол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
2
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel