Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2018 жылғы грант иегерлері тізімін қашан және қайдан білуге болады?

Опубликовано:

Қазақстанда білім гранттарын бөлу қорытындысы 6 тамыз күні сағат таңғы онда белгілі болады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

2018 жылғы грант иегерлері тізімін қашан және қайдан білуге болады?
Көрнекі фото: Zakon.kz: UGC

Қазақстан білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖОО білім беру гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын 5 тамыз күні аяқтады.

"Отырыстар қорытындысы бойынша білім беру гранттары иегерлерінің толық тізімі 6 тамыз күні сағат 10.00-де жарияланады", — деп жазылған хабарламада.

Грант иегерлерінің тізімі төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді болады:

  • https://egemen.kz
  • https://kazpravda.kz
  • www.testcenter.kz
  • @testcenterBot телеграм бот

Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі биыл электронды түрде жарияланады.

Биыл 53 594 грант бакалавриатқа, 12 504 — магистратураға, 2240 —PhD докторларын дайындауға бөлінді.

Гранттардың басым бөлігі техникалық мамандықтарға үлестіріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1745929-2018-zylgy-grant-iegerleri-tizimin-kasan-zne-kajdan-biluge-bolady/

pixel