RU
Президентке дронмен шабуыл жасағандар жұрттың зәресін ұшырды (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Президентке дронмен шабуыл жасағандар жұрттың зәресін ұшырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Венесуэла президенті Николас Мадуроға белгісіз біреулер дронмен шабуыл жасады. Ел президенті жарақат алып үлгермеген. Бұл туралы NUR.KZ порталы Oxu.Az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Президентке дронмен шабуыл жасау сәті. Фото: Oxu.Az

Президентке дронмен шабуыл жасау сәті. Фото: Oxu.Az

Президентке шабуылды «Фланелевые солдаты» (Soldados de Franelas) атты топ өз мойнына алған.

"Біз жарылғыш заты бар екі дрон президентке жетіп, жарылғанын көздедік. Алайда қарауыл мергендері дронды атып түсірді", - дейді топтың хабарламасында.

Топ осылайша үкіметтің әлсіздігін көрсеткісі келген. Олар президентке тағы да шабуылдайтындарын айтып, сес көрсетті.

Бірнеше күдікті қамауға алынған. Жарылыс президенттің мереке кезінде сөз сөйлеп тұрған сәтінде болған.

Мемлекет басшысының сөз сөйлеген сәті тікелей эфирде көрсетіледі. Жарылыстан кейін президент сөз сөйлеуін доғарып, үрейі ұшқан әскерилер жан-жаққа қаша жөнеледі.

Алты сарбаз жарақат алғанымен, президенттің өзі дін аман.

Сіздің реакцияңыз
0
5
2
3
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel