RU
Ауыл тұрғындарын балағаттаған шенеунік халықтың ашуын тудырды
Жаңалықтар Қоғам

Ауыл тұрғындарын балағаттаған шенеунік халықтың ашуын тудырды

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Тверск облысындағы Оленин ауданының әкімі ауыл тұрғындарын балғаттап тастады. Салтанатты жиынға келген шенеуніктің бұл әрекеті халықтың ашуын туғызды деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: olenino-gazeta.ru

Фото: olenino-gazeta.ru

Тверск облысының әкімі Олег Дубов Холмец ауылына жарықшамның ашылу салтанатына арнайы келіпті. Алайда, мерекелік шарада ол көңіліне жақпаған халықты балағаттап тастаған көрінеді.

Мәскеу қаласынан 168 шақырым қашықтықта орналасқан ауылда алғашқы жарықшамдар орнатыла бастаған.

Фото: pp.userapi.com

Фото: pp.userapi.com

Ал осы жолы жарықшамның ашылуына әкімнің өзі келетінін естіген халық қатты қуанған екен.

Бірақ, облыс әкіміне тұрғындардың наразылығы мен басқа ұсыныстары жақпай қалыпты. Ол, тіпті, бір азаматқа "Тақырбас неме, құрт көзіңді" деп, бейәдеп сөздер айтып тастаған көрінеді.

Сондай-ақ, ол халықты осы әрекеттері үшін жауап беретіндерін айтқан.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel