RU
Танымал журналист әлемдегі ең бай адамды талғамсыз киінгені үшін сынға алды
Жаңалықтар Әлемде

Танымал журналист әлемдегі ең бай адамды талғамсыз киінгені үшін сынға алды

Рассказать Вконтакте

New York Times "стиль патшасы" атаған әлемдегі ең бай адам Джефф Безосты The Outline басылымының авторы Перия Мартинью Twitter парақшасында сынап тастады деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Журналист өз парақшасына Джефф Безостің бай адамдарға тән емес бірнеше суреттерін жүктеген.

Бұл пікірді әріптестері де қолдап, Безостың аудитория алдында дұрыстап киінбейтінін жеткізіпті.

Журналист суреттерге қарап, оның "стиль патшасы" болуы миға симайтынын, бұл шешімге тіпті New York Times қызметкерлері де күмән келтіруі мүмкін екенін айтты.

Айта кетер болсақ, Джефф Безос-Amazon компаниясының басшысы. Forbes көрсетуі бойынша, ол әлем бойынша тарихтағы ең бай адам болып табылады. 2018 жылы ол 139,6 миллиард доллармен әлемдегі миллиардерлер тізімінің алғашқы орнын тізгіндеген болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
4
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel