Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төсін ағарту: Қазақстандық арулар қандай оғаш пластикалық оталарға құмар?

Опубликовано:

Қазақстандық нәзік жандылар көрікті болу үшін түрлі ота жасатуға құмар. Осы орайда Comode қазақстандық қыздар жасатып жүрген ең оғаш пластикалық ота түрлерін атады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Әуретті жер. Көрнекі фото: Gold laser
Әуретті жер. Көрнекі фото: Gold laser: UGC

Төсті, әуретті жерді, қолтықты ағарту

Қолтығы, төсі немесе әуретті жері ақ болғанын қалайтын қыздардың қарасы көп екенін көбі біле бермейді. Әсіресе шомылу маусымы басталғанда бұл пластикалық ота түріне жүгінетіндер еселей түседі.

Әдетте ағартуға крем жағу арқылы немесе лазердің көмегімен қол жеткізеді. Лазермен ағартылған аймақ екі-үш күн бойы қол тигізбейтіндей күйде болады. Алайда бір аптадан кейін барлық ауырсынулар қайтуы тиіс.

Ағартушы кремдердің құны 1000-1500 теңге болса, қолтық секілді қандайда да бір аймақты лазермен ағарту 2000 теңгеден басталады.

Қынап пластикасы

Әуретті жер. Көрнекі фото: сomode.kz
Әуретті жер. Көрнекі фото: сomode.kz: UGC

Бірнеше баланы дүниеге әкелген әйелдер өз қынабын кішірейту үшін ота жасатудан тайынбайды.

18 жастағы қыздай болғысы келетіндер бұл ота арқылы әуретті жерін әрлеу мүмкіндігіне ие болады. Құны: 120-400 мың теңге аралығында.

Бет шұңқырын жасату

Бет шұңқыры. Көрнекі фото: сomode.kz
Бет шұңқыры. Көрнекі фото: сomode.kz: UGC

Димплэктомия деп аталатын ота түрі небәрі 30 минутта жасалады. Жасанды бет шұңқыры бетке тыртық салудың арқасында пайда болады. Алғашында тігілген орынды таза ұстап, кей тағам түрлерін жеуге тыйым салынады.

Бұл отаны бір рет жасатсаңыз, бет шұңқырынан кейін құтылу мүмкін болмайтынын ұмытпағаныңыз абзал. Құны: 80 мың теңгеден басталады.

Дауысты жасарту

Темекі шеккеннен немесе қарттықтан нәзік дауысы жоғалған әйелдер дауысын жасарту отасына жүгініп жатады. Құны: 35 мың теңгеден басталады.

Өмір сызығы

Қол. Көрнекі фото: сomode.kz
Қол. Көрнекі фото: сomode.kz: UGC

Адам тағдыры оның алақанындағы сызықтарға байланысты деп сенетін кей жандар бұл ота түрін жасатқаннан кейін көңілі жайланатынын жасырмайды. Олар алақандағы қысқа өмір сызығын ұзарту, сәтсіз неке сызықтарын алдырып, бала көтеруге жауапты сызықтарды қосу секілді ота түрлерін жасатады.

Жапониядан келген бұл пластикалық ота елімізде айтарлықтай сұранысқа ие болмай шықты. Десе де, сақтықта қорлық жоқ деп алақанындағы сызығын өзгертетіндер табылуда. Құны: бекітілмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1745960-tsin-agartu-kazakstandyk-arular-kandaj-ogas-plastikalyk-otalarga-kmar/

pixel