RU
Дәрет сындыратын жер жоқ: Алакөлге барған туристер әжетхана таппай дал болды
Жаңалықтар Қоғам

Дәрет сындыратын жер жоқ: Алакөлге барған туристер әжетхана таппай дал болды

Рассказать Вконтакте

Жаз маусымы қызып, ел тұрғындары түрлі демалыс орындарына ағылғалы бері, еліміздегі туристік аймақтардың да "кемшін" тұстары байқалып қалды. Мәселен, атақты Алакөл жағасына барушылардың дені жағалауда әжетхана жоқ деген уәждерін айтты. Бұған қоса, олар жергілікті билік демалыс орындарын саламыз деп жағажай аумағын азайтып тастағанын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: youtube.com

Фото: youtube.com
Source: UGC

Алакөл туристік аймағының орталығы адам танымастай өзгеріп, демалыс орындары көбейгеніне қарамастан, мұндағы "кемшіліктер" де жоқ емес. Мәселен, сонау Ресейден ат терлетіп келген туристердің сөзінше, көл жағалауында әжетхана деген атымен жоқ екен.

"Алакөлге биыл бірінші рет келіп отырмыз. Бәрі тамаша, көл де, демалыс орындары да. Тек әжетхананың болмағаны ыңғайсыз екен. Адамдарға барлық жағдай жасалуы тиіс деп ойласа, жергілікті билік алдымен осы мәселені шешулері тиіс еді. Балаларымызға жарайды, оларға горшок бар дегендей. Ал, ересектерге, әсіресе үлкен адамдарға қиын ғой? Тез арада әжетхана мәселесін шешу керек деп санаймын",-дейді туристер.

Сонымен бірге, демалушылардың көпшілігі жағажай аумағының тым азайып қалғанын айтуда. Бұған себеп – орталық алаңның орасан зор аумаққа салынуы болып отыр. "Бұрындары мына жағажай кең болатын, адамдар отбасыларымен еркін отыра алатын еді. Биыл қалай? Бір-бірімізді таптап кете жаздадық, әсіресе тұрғындар көп келетін шіліңгір шілде айында қиын. Жағажайда тізе бүгер орын болмай қалды. Жергілікті әкімдіктің бір қателігі – мына демалыс орталығының аумағын кеңейтеміз деп, көл жағасын тым тарылтып тастаған. Егер осылай жалғаса беретін болса, кейін көлге түсіп, жағалауда демалудың өзі мүмкін болмай қалатын сияқты. Әрине, көпті сынағаным емес, бірақ, осы мәселені де ескерсе екен дейміз. Көлдің бұдан басқа да жағалаулары көп, ол жақты дәл осылай тарылтып тастамаса игі еді",-дейді ел тұрғындары.

Сіздің реакцияңыз
8
4
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel