RU
Данияда бетін тұмшалаған әйелдің басы бәлеге қалды
Жаңалықтар Әлемде

Данияда бетін тұмшалаған әйелдің басы бәлеге қалды

Рассказать Вконтакте

Данияда бетті толық тұмшалайтын никаб киген әйелге алғаш рет айыппұл салынды. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Informburo.kz

Фото: Informburo.kz

Херсольм қаласындағы сауда орталықтарының бірінде никаб оранған әйел мен басқа азаматшаның арасында кикілжің басталған.

Сол мезетте куәгерлер бірден полиция шақыртқан көрінеді.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, бірінші әйел 28 жастағы келіншектің никабын шешіп тастапты.

"Кикілжің болып жатқанда оның никабы шешіліп кетіпті. Алайда біз келгенде ол қайта орап алған", - дейді полиция қызметкерлері.

Тәртіп сақшылары никабтағы мұсылман қызын суретке түсіріп, оған 1000 крон (156 доллар) айыппұл салыпты.

Сондай-ақ, келіншекке басындағы никабын шешу немесе қоғамдық орыннан кетуді талап етіпті. Азаматша екіншісін таңдаған көрінеді.

Бұл елде мамыр айында қабылданған бетті тұмшалайтын киім кимеу туралы заңға қарсы тәртіп бұзылған алғашқы оқиға болып табылады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel