RU
Түркістан облысында қалталы азаматтар мешітке көлік сыйлады (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында қалталы азаматтар мешітке көлік сыйлады (фото)

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Созақ ауданының орталығындағы "Шолаққорған" орталық мешітіне ауданның қалталы азаматтары тосын сый жасады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысында үш кәсіпкер азамат мешітке көлік сыйлады

Фото: Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Source: UGC

Намазға жиналған жамағат алдында кәсіпкер үш азамат мешіттің бас имамына су жаңа "Нива" автокөлігінің кілтін табыстады.

Бас имам жерлестерінің мұндай сыйын күтпеген болу керек, темір тұлпар кілтін алып тұрып ағынан жарылды.

"Осы уақытқа дейін мешітке қажетті қызмет көліктің шешімі табылмай келе жатқан болатын. Бүгінде көлік үлкен сұранысқа ие. Бұл мешітке емес, жүректерінде иманы бар мешіт жамағатына берілген сый деп қабылдаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Мешіт жамағатының ауызбіршілігі арта берсін", - деді орталық мешіттің бас имамы.
Түркістан облысында үш кәсіпкер азамат мешітке көлік сыйлады

Фото: Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Source: UGC

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel