RU
Үш мың жылға сотталған террорист бостандыққа шықты
Жаңалықтар Әлемде

Үш мың жылға сотталған террорист бостандыққа шықты

Рассказать Вконтакте

Үш мың жылға сотталған ETA Баско террор ұйымының мүшесі бостандыққа шықты. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Alvaro Barrientos / AP

Фото: Alvaro Barrientos / AP

Танымал террорист Санти Потос түрмеде 31 жылын өткізген. Оның 13 жылын Францияда, 18 жылын Испанияда өтеген.

Полиция қызметкерлері оның 40 терактты ұйымдастыруға атсалысқанын дәлелдей алған. Олардың ішінде талай адамның өмірін жалмаған қанды оқиғалар да болғанын анықтапты.

Ол 1987 жылы Барселонадағы сауда орталықтарына таяу маңда орналасқан көлікті жаруға қатысқан. Ол жарылыс 21 адамның өмірін жалмап кеткен екен.

1986 жылы Мадридтегі Доминикан Республикасы алаңында өткен теракттан да Ұлттық гвардияның 12 қызметкері ажал құшқан.

5 тамызда Потос Топас түрмесінен шықты. Бұл сәтті Испания телеарналары көрсетіпті. Ал терроризм құрбандары Ассоциациясы 70 жастағы Санти Потостың босап шығуына қарсылығын білдірген.

2006 жылы Испания ұлттық соты оның айыпталған барлық істерін біріске біріктген болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
2
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel