RU
Өлім аузынан қалған альпинист арман еткен шыңына қайта шығып көрмек
Жаңалықтар Әлемде

Өлім аузынан қалған альпинист арман еткен шыңына қайта шығып көрмек

Рассказать Вконтакте

Ресейлік альпинист бір апта бойы тамақ пен көмексіз қалған. Пәкістан тауларында қалып қойған Александр Гауков әскерилердің арқасында өлім аузынан аман қалды деп жазады Рен ТВ арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: delfi.lt

Фото: delfi.lt
Source: UGC

Тауда қалып қойған Александр Гауковты пәкістандық әскерилер тауып алды. Ол бір апта бойы ешқандай көмек пен тамақсыз болған.

Оны дереу Ресейге жеткізіп, ауруханаға жатқызды. Екі сөздің басын қоса алмай отырған Александр Гауков аяққа тұрған соң мансабын жалғастыруды жоспарлап отыр. Оның толықтай айығып шығуы үшін бір айдан астам уақыт керек.

Ол баяғыдан арман еткен биік шыңын бағындыруға екінші рет бел буған. Алғаш рет жаман ауа райының кесірінен шыға алмаған Александр тағы аттанбақ болып қайғылы жағдайға тап болды.

Алпинистің қасындағы әріптесі таудан құлап кетіп қаза тапқан. Гауков Сергей Глазуновпен бірге қажетті заттармен жабдықталған сөмкеден де айырылып қалды.

Өлім аузынан аман қалған алпинисті пәкістандық ұшқыштар байқап қалып құтқарып алған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel