RU
Қытай түрмесінде отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы инсульт алды
Жаңалықтар Қоғам

Қытай түрмесінде отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы инсульт алды

Рассказать Вконтакте

Қытай Халық Республикасында түрмеде отырған қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы атышулы қылмыстық іске қатысты тың деректерді айтты. Сонымен бірге ол жуырда инсульта алып, ауырып қалғанын да жеткізді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Акжаркын

Акжаркын
Source: UGC

Осы уақытқа дейін 4 жыл, 5 ай бойы Қытай түрмесінде отырған Ақжарқынның анасы жуырда инсульт алғанын жеткізді.

"Тұла бойы тұңғышымның есірткі бизнесімен айналысты дегені жалған айып, ана жүрегім алдамайды" деген Ақжарқынның анасы сары уайымға салынғанынан биыл инсульт алып, ауруханадан бір-ақ шыққан. Бірнеше ай ем қабылдаған ол бүгінде жағдайым жақсы, өзегімді өртейтіні перзентіме деген сағынышым дейді.

"Ақжарқын Қытайда ұсталғалы бері үш-ақ рет көрдім. Соңғы рет 2016 жылы сот отырысында кездестім. Одан бері 2,5 жыл өтті. Мен үшін бұл қандай ауыр екенін сөзбен жеткізе алмаймын. Қорғаушыларының айтуынша, жағдайы бірқалыпты. Жұмыс істеп жүр деді. Өзіне қажетті кітаптарды Қытайдағы қорғаушысы апарып беріп жүр. Бірақ саны шектеулі және тек ағылшын тілінде болуы керек", — деген Ақжарқынның анасы Зухра Сейтімова бірінші кезекте ата-әжесі үшін де алаңдап отырғанын жеткізді.

Өйткені Ақжарқын ата-әженің қолында тәрбиеленген. Оның Қытай елінде ұсталды дегенін естіген қариялар үшін бұл хабар қатты соққы болып тиген.

Ақжарқын Тұрлыбай істі болған соң ата-анасы үйлерін сатып, туыстарынан жылу жинаған. Кейін кредит алған. Бас-аяғы жиналған 10 мың АҚШ долларын Қытайдағы қос адвокаттың қызмет ақысы ретінде төлеген. Оның бірі ағылшын және орыс, екіншісі қытай тілін еркін меңгерген. Ал Қазақстандағы қорғаушы Сұңқар Нұрмағанбетов Ақжарқынға ақысыз араша болып келеді.

"Қытайдағы екі қорғаушының қызмет ақысының бір миллион теңгесі қалған. Оны наурыз айында беруім керек еді. Өзім "Қызмет ақысын әлі күнге дейін төлемеген соң, жұмыс істемей жатыр ма екен?" деп ойланып отырмын. Бір миллион теңге біз үшін оңай ақша емес. Өзім екі жерде жұмыс істеймін, тапқан табысым кредитім (Ақжарқын ұсталған кезде қорғаушы ақысын төлеу үшін алынған – автор) мен күнделікті ас-ауқаттан артылмайды. Ақжарқыннан өзге де перзенттерім бар ғой" , - деп мұңын шаққан ана қаржының жоқтығы қолды байлап отырғанын айтты.

Тіпті Қытай еліне бармақ түгілі, виза жасатудың өзіне ақша таппай отыр екен. СІМ жасап берген виза мерзімі өтіп кетіпті.

Еске сала кетсек, жуырда ғана Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстандағы адвокаты Сұңқар Нұрмағанбетов Қытай еліне барып қайтты.

"Шілденің 17-20 аралығынды Қытайда болдым. Жұмысым Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты. Қазір не болып жатыр? Сот шешімі жария ету сатысында тұр. Сот (жаңа құрам) кеңес беру бөлмесіне кетті. Ақжарқынның жағдайы бұрынғыдай қанағаттанарлық деңгейде”, – деп жазды адвокат желідегі парақшасында.
Сіздің реакцияңыз
2
3
0
22
4
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel