RU
Сайрагүл Сауытбай: Қатты қиналғанда қолымдағы "Алла" жазуы анық көрініп тұрады
Жаңалықтар Қоғам

Сайрагүл Сауытбай: Қатты қиналғанда қолымдағы "Алла" жазуы анық көрініп тұрады

Рассказать Вконтакте

1 тамыз күні бостандыққа шыққан қандасымыз Сайрагүл Сауытбай желідегі тікелей эфирде сұқбат беріп, әңгіме барысында оң қолындағы "Алла" деген жазуы туралы айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: sn.kz

Фото: sn.kz

Арабша жазылған "Алла" жазуы Сайрагүлдің оң қолында, бас бармағының жоғарғы тұсында орналасқан.

"Анам бұл жазу туған кезден бар деп айтып отыратын. Бала сүйе алмаған отбасылар асырап алмақшы болған. Бірақ ата-анам өздері ырымдап, бермеген жайы бар. Бес жасқа дейін туыстарымның қолында тәрбиелендім, одан кейін өздері қайтып алып кетті", — дейді Сайрагүл Сауытбай.

Бір қызығы, күйзеліске түсіп, қатты қиналған сәтте жазу кәдімгідей анық көрініп тұрады екен.

"Мен қатты қиналып, жылаған сәттерімде осы жазу бадырайып, анық көрінеді. Сол кезде өз-өзімді сабырға шақырып, еңсемді тіктеп аламын. Әлгі жазуды үш рет сүйіп қоямын. "Алла Тағала төбемде тұр ғой, жыламайыншы, бәрі жақсы болып кетеді" деп өз-өзімді жұбатамын", — дейді қандасымыз.

Еске сала кетейік, Жаркентте өткен сот отырысында судья "Қазақстан шекарасынан заңсыз кесіп өтті" деп айыпталған Сайрагүл Сауытбайды сот залынан босатып, алты айға шартты түрде жазалуға және пробациялық бақылауға алуға үкім еткен еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
1
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel