Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қылдай белін көрсеткен Сивиді жұрт барби қуыршаққа ұқсатты

Опубликовано:

Отандық танымал әнші қуыршаққа айналып көпшілікті таңғалдырды. Желі қолданушылар әртістің қыпша беліне тәнті болып, оның жаңа образына жоғары бағаларын беріп жатыр деп жазады NUR.KZ.

Cиви Махмұди желіге жақында жасаған фотосессиясының нәтижесін жүктеді. Көпшілік әншінің қыпша беліне тәнті болып, оның қуыршақ образына қатты таңғалған.

Әртістің ерекше киім үлгісі көптің көңілінен шығып, жоғары бағаға ие болды. Олардың айтуынша, үш баланың анасы бола тұра осындай мінсіз мүсінге ие болу талайдың қолынан келмейді.

"Өзіне сондай жарасымды. Дәл Барби қуыршағы іспетті", - деп жазды оқырман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1746026-kyldaj-belin-krsetken-sividi-zrt-barbi-kuyrsakka-ksatty/

pixel