RU
25 балл алған қазақстандық түлек грантқа түсті
Жаңалықтар Қоғам

25 балл алған қазақстандық түлек грантқа түсті

Рассказать Вконтакте

Биыл қазақ диаспорасының 862 өкілі білім грантына ие болды. Олардың арасында 25 балл алған түлекте бар деп хабарлайды Алтайньюс порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото:avtograf22.ru

Иллюстрациялық фото:avtograf22.ru

Этникалық қазақтардың ішінде ең жоғары бал жинаған екі талапкер (екеуі де 133 балл жинаған) "Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты бақылау", "Жалпы медицина" мамандықтарын оқитын болды.

Төмен ұпай алғандар (25-26 балл) "Дене шынықтыру және спорт", "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" мамандықтарына оқуға түсті.

Ал талапкерлердің басым көпшілігі "Ақпараттық жүйелер", "Көлік, көлік техникасы және технологиялар", "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" сынды мамандықтарға қызығушылық танытқан.

Тағы да айта кетейік, бұл – Қазақстан азаматы болып саналмайтын этникалық қазақ жастарына бөлінген білім гранттары.

Сіздің реакцияңыз
2
0
2
1
1
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel