RU
Ми қайнатар ыстыққа байланысты екі өңірде дауылдық ескерту жарияланды
Жаңалықтар Қоғам

Ми қайнатар ыстыққа байланысты екі өңірде дауылдық ескерту жарияланды

Рассказать Вконтакте

Қазгидромет РМК өкілдері алдағы күндері +40 градус ыстыққа байланысты Жамбыл мен Түркістан облыстарында дауылдық ескерту жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: DPA/TASS

Көрнекі фото: DPA/TASS
Source: UGC

Синоптиктердің болжамынша, 7-10 тамыз аралығында күндіз Жамбыл облысында 35-40°С қатты ыстық күтіледі. Тараз қаласында да ауа температурасы 36-38 градусқа дейін көтеріледі.

6-7 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде күндіз 41 гардус қатты ыстық сақталады.

Сонымен қатар Алматы, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде де қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысында, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel