RU
Астанада алты жасар қыз автобус есігіне қысылып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Астанада алты жасар қыз автобус есігіне қысылып қалды

Рассказать Вконтакте

Елордада алты жасар қыз қоғамдық көліктің есігіне қысылып қалды. Оқиға күндізгі уақытта 35-ші автобуста орын алған. Бұл туралы Роза Мұратова есімді азаматша өзінің Facebook желісінде мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

Фото: devuatka.ru

Фото: devuatka.ru

Алты жасар қыздың анасы автобусқа кірерде бүлдіршін есікке қысылып қалғанын айтты.

"Уақыт 12:30 шамасында менің алты жасар қызым автобус есігіне қысылып қалды. 12 жасар қызым оны мектепке апарып және алып қайтады. Үлкен қызым кішімді жетектеп көлікке кіре бергенде автобус жүргізушісі есікті ерте жаба бастады,
Нәтижесінде алты жасар қызым қысылып қалған. Оның үстіне ол балаларыма ұрысып салды. Жүргізушінің тиісті жазасын алғанын қалаймын", - деп жазды Роза Мұратова

Әкімшіліктің байланыс орталығы Астана тұрғынының өтінішінің қабылданып, тиісті органдарға берілгенін айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel