Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да тағы бір "Алтын адам" табылды (фото)

Опубликовано:

Өскеменде Тарбағатай ауданының Елеке сазы жайлауында жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде өңірде тағы бір "Алтын адам" табылды деп хабарлайды Алтайньюс порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ШҚО әкімдігі
Фото: ШҚО әкімдігі: UGC

Бұл – Шығыс Қазақстан жерінен табылған бесінші "Алтын адам".

Фото: ШҚО әкімдігі
Фото: ШҚО әкімдігі: UGC

Қазба жұмыстарына жетекшілік еткен академик Зейнолла Самашев табылған "Алтын адамның" еш бүлінбегенін айтады. Барлық алтын бұйымдар сол күйінде сақталған.

Фото: ШҚО әкімдігі
Фото: ШҚО әкімдігі: UGC
"Бұл – біздің заманымызға дейінгі VIII ғасырға жататын Ерте сақ дәуірінің мұрасы. Есік қорғанынан табылған "Алтын адамнан" да көне. Екеуінің арасында 3 ғасыр айырмашылық бар. Осылайша араға 50 жыл салып қазақ даласынан екінші рет тоналмаған "Алтын адам" табылды", – дейді археолог.
Фото: ШҚО әкімдігі
Фото: ШҚО әкімдігі: UGC

Елеке сазында жерленген адамның жасы 16-17 жас мөлшерінде деген болжам бар. Оның қасына ересек адам қойылған екен. Археологтың айтуынша ол қатты тонауға түскен. "Ал бозбаланың мүрдесін тонаушылар байқамаса керек" – дейді ғалым.

Фото: ШҚО әкімдігі
Фото: ШҚО әкімдігі: UGC

Фото: ШҚО әкімдігі
Фото: ШҚО әкімдігі: UGC

Фото: ШҚО әкімдігі
Фото: ШҚО әкімдігі: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1746072-sko-da-tagy-bir-altyn-adam-tabyldy-foto/

pixel