RU
11 тамыздағы күннің тұтылуын Қазақстанның қай өңірі тамашалай алады?
Жаңалықтар Қоғам

11 тамыздағы күннің тұтылуын Қазақстанның қай өңірі тамашалай алады?

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның бірнеше облысының тұрғындары 11 тамызда биылғы жылғы күннің соңғы рет тұтылуын тамашалай алады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: dsnews.ua

Көрнекі фото: dsnews.ua

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Андрей Солодовниктің сөзінше, бұл 2018 жылы күннің бесінші рет тұтылуы екен.

Оның айтуынша, күн жартылай тұтылмақ (Ай Күннің жартысын ғана көлегейлейді).

"Күннің тұтылуы Қазақстанның азғантай бөлігіне ғана көрінеді. Дәлірек айтсақ, солтүстік-шығыс облыстарында: Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында. Петропавл мен Павлодарда күннің тұтылуы анық көрінеді, ал Көкшетауда әрең байқалады, ал Астана мен елордадан оңтүстікке және батысқа қарай мүлдем көрінбейді. Тіпті біздің облыстың оңтүстік-батысында тұратын тұрғындар күн тұтылуын тамашалай алмайды, ал қостанайлықтарға тіпті көрінбейді де. Құбылыс туралы географиялық мәлімет осы", — дейді астроном.

Солодовниктің мәліметінше, күннің тұтылуы 15.31-де басталады. Ең жоғары фазасы 16.14-те болады. Ал құбылыс 16.54-те аяқталмақ.

Айта кетейік, күн тұтылуы елімізде 2015 жылдың 15 наурызынан бері болмаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel