RU
Шымкент әкімі тағдыр тауқыметін тартқан әйелдерді өз қамқорлығына алмақшы
Жаңалықтар Қоғам

Шымкент әкімі тағдыр тауқыметін тартқан әйелдерді өз қамқорлығына алмақшы

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов әлеуметтік тұрғыдан қиын жағдайға тап болған және тұрақты табысы жоқ, балалары қолына қараған аналарға лайықты қолдау көрсетуді ұсынды деп хабарлайды Отырар арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ғабидолла Әбдірахымов. Фото: Otyrar.KZ

Ғабидолла Әбдірахымов. Фото: Otyrar.KZ

"Көбіне менің қабылдауыма келген азаматшалар күйеулерінің жұмыс істемейтінін, отбасын асырауға бей-жай қарайтынын не болмаса отбасын мүлдем тастап кеткенін ашына отырып айтады. Олар жарқын өмірден үмітсіз де емес. Дегенмен, күнделікті тапқан табысы балаларын қатарынан кем қылмай бағып-тәрбиелеуге мүмкіндік бермейді.
Олар отбасының бақытты ғұмыры үшін еселі еңбек етуге әзір. Сол себептен де, біз оларға лайықты жәрдем көрсетуіміз керек. Бұл тұрғыда, біздің міндетіміз – олардың өз ісін жүргізіп, аяғына нық тұрып кетуіне ықпал ету", – деді қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.

Осы мақсатта Ғ.Рахматоллаұлы қала әкімдігінің аппараты мәжілісінде жауапты сала мамандарына тағдыр тауқыметін тартқан әйелдер үшін шағын бизнесті дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырып, бір ай уақыт мерзімін белгіледі.

Яғни, олардың белгілі бір кәсіби мамандықтар бойынша білімін жетілдіруіне және өз ісін ашу үшін жеңілдікпен несие алуына жәрдем көрсетілмек.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
3
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel