RU
Бауырын ауыстырған әйел дені сау сәбиді дүниеге әкелді (фото)
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Бауырын ауыстырған әйел дені сау сәбиді дүниеге әкелді (фото)

Рассказать Вконтакте

Үш жыл бұрын бауырын ауыстырған Алматы облысының тұрғыны Толқын Айдарова ана атанды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы

Фото: Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы
Source: UGC

Толқын Айдарова қыз баланы өмірге әкеліп, ана бақытына кенелді. 2015 жылы А.Н. Сызғанов атындағы хирургия ұлттық ғылыми орталығында әйел адамға ота жасап, бауырын алмастырған екен.

Толқынды босандыруға Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы таңдалыпты.

"Мұндай оқиға орталықтың ауруханасында екінші рет болып отыр. Әйел адам табиғи жолмен салмағы 3250 грамм, бойы 52 сантиметр қыз баланы дүниеге әкелді. Анасы мен сәбиінің жағдайы жақсы", — деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі
Сіздің реакцияңыз
2
2
1
0
0
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel