RU
Түрмедегі былық: Қарағанды облысында калония бастығы сотталып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Түрмедегі былық: Қарағанды облысында калония бастығы сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысындағы АК 159/6 тәртіппен түзеу колониясының бұрынғы басшысы мен қызметкері және 6 жазасын өтеуші 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Түрмедегі былық: Қарағанды облысында калония бастығы сотталып кетті

Көрнекі фото: Азаттық

Сотталған азаматтар Валерий Чупин деген сотталушыны азаптап өлтірді деп айыпталған. Марқұм былтыр түзеу мекемесінде аяусыз таяқ жеп, артынша ес жимастан бақилық болған еді.

Сөйтсе, оны жазасын өтеушілер ағылшын тілінен сабақ беретін мұғалімді балағаттағаны үшін оңдырмай сабапты.

Тергеу барысында айыпталушылар бұл тапсырманы колония қызметкері Виталий Зарецкиден алғанын жайып салған.

Ал колония қызметкері сотталушыны соққыға жығуды бастық бұйырғанын жеткізіпті.

Осының негізінде бұрынғы бастық Бауыржан Шотаев пен Зарецкийге 7 жыл үкім кесілді. Ал басшылардың бұйрығын орындаған 6 сотталушының бұрынғы жазаларына тағы да 8 жылдан 10 жылға дейін мерзім қосылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
4
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel