RU
Астанада жалған құжатпен ұсталып қалған студенттерге сот шешімі шықты
Жаңалықтар Қоғам

Астанада жалған құжатпен ұсталып қалған студенттерге сот шешімі шықты

Рассказать Вконтакте

Астана медициналық университетіне түсер кезде жалған IELTS сертификаттарын пайдаланғаны үшін оқудан шығарылған студенттер ЖОО-ға қайта қабылданбайды. Бұл туралы "Хабар 24" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Жалған құжат

Көренкі фото: АиФ-Ульяновск

Елордалық сот медициналық білім беру мекемесіндегі оқуын жалғастырғысы келген бірнеше студенттің шағымын қанағаттандырмады. Сот шешімі әлі күшіне енбеген.

Адвокат Ерғали Мелдебековтің пайымдауынша, қарапайым тексеру тәсілі сертификаттардың жалған екенін дәлелдей алмайды. Оның сөзіне сүйенсек, Британ консулдығына сұрату жолдаған абзал.

Естеріңізде болса, ағылшын тілі бойынша IELTS сынағының сертификаттарына қатысты шу былтыр күз айында шыққан болатын. Медициналық университеттің 100-ден астам студенті жалған сертификатпен оқуға түскен болып шықты. Сөйтіп, білім беру мекемесінен 117 адам оқудан шығарылған.

Оқудан шығарылып қана қоймай, бұл студенттердің білім алуына кеткен қаражат пен осы уақыт бойы төленген шәкіртақы мемлекеттік бюджетке қайтарылуы тиіс болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
4
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel