RU
Қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов 8 жылға спорттан шеттетілді
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов 8 жылға спорттан шеттетілді

Рассказать Вконтакте

Көркем гимнастика шебері Сабина Әшірбаева мен ауыр атлет Владимир Седов допинг сынамадан өте алмағаны үшін спорттан шеттетілді деп хабарлайды Vesti.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов 8 жылға спорттан шеттетілді

Владимир Седов. Фото: vesti.kz

Бұл ақпаратты Қазақстанның допингке қарсы Ұлттық орталығының ресми сайты растады.

2017 жылдың сәуірі мен шілдесі аралығында Әшірбаева фуросемид, гидрохлортиазид және хлортиазидке төрт мәрте сынақ тапсырған.

Қанынан допинг табылғаны анықталған соң ол 2018 жылдың 7 маусымынан бастап 2020 жылдың 7 маусымына дейін дисквалификацияланды.

Ал Седов болса 2018 жылғы Олимпиадада допинг сынағынан "ұсталып" қалғаны үшін жазаға тартылды.

2016 жылдың маусымындағы қайта тексеру кезінде оның сынамасынан станазалол табылған. Аталмыш Олимпиадада Седов төртінші орын алған болатын. Алайда Халықаралық Олимпиада комитеті оны жоққа шығарды.

Айта кетерлігі, Седов өз мансабында әлем чемпионатының барлық медальдарін алған еді: 2009 жылы - алтын, 2014-те - күміс және 2011 жылы - қоланы иеленген. Сондай-ақ, ол 2009, 2011 жылдары екі дүркін Азия чемпионы атанды.

Владимир үшін 2008 жылғы Олимпиада ойындарындағы допинг дауы екінші мәрте қайталанған болатын. Ол 2006 мен 2008 жылдар аралығында тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін дисквалификацияланған болатын.

Бұл жолы Седов сегіз жылға спорттан шеттетілді. Ережеге сәйкес, оның мерзімі 2016 жылдың 1 тамызынан бастап 2024 жылдың 1 тамызына дейін есептелінеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
2
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel