RU
Семейден Ресейге бағыт алған автобустағы 48 жолаушы өртеніп кете жаздады (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Семейден Ресейге бағыт алған автобустағы 48 жолаушы өртеніп кете жаздады (видео)

Рассказать Вконтакте

Семейден Ресейдің Новосібір қаласына бағыт алған автобус өртеніп кетті. Оқыс оқиға көрші елдің аумағында болған. Абырой болғанда, көлік ішіндегі 48 жолаушы дін аман деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадр КТК арнасындағы видеодан алынды

Кадр КТК арнасындағы видеодан алынды

Жолаушылар жалма-жан автобустың жүксалғышындағы заттарын да алып үлгеріпті. Дегенмен кейбірінің, салонда қалған құжаттары мен ақшалары күлге айналды. Тілсіз жауды жергілікті өрт сөндірушілер де ауыздықтай алмаған.

Кадр КТК арнасындағы видеодан алынды

Кадр КТК арнасындағы видеодан алынды

Ресейлік "Неоплан" маркалы автобус алыс жолға шықпас бұрын Семейде толық тексерістен өткізілген екен. Сондықтан оның отқа орануына не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Қазір көрші елдің құзырлы органдары апаттың себеп-салдарын анықтап жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel