RU
183 млн теңгеге су құбыры салынса да, жаңбыр суын ішіп отырған ауыл халқы жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

183 млн теңгеге су құбыры салынса да, жаңбыр суын ішіп отырған ауыл халқы жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

183 миллион теңгеге су құбыры өткізілсе де Қарағандыдағы бүтін бір ауыл халқы жаңбыр суын тұтынуға мәжбүр. Өйткені осыдан сегіз ай бұрын қолданысқа берілуі тиіс жаңа құбырдан тұрғындар үш ақ күн су ішкендерін айтады деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: videohive.net

Көрнекі фото: videohive.net

Қарағандыға тиіп тұрған Цемзауыт ауылының халқына енді жаңбырдың әр тамшысы жанға дәру. Өйткені былтырғы жылы қолданысқа берілуі тиіс жаңа су құбыры мұндағы тұрғындардың игілігіне жарамай отыр. 183 миллион теңгеге жер астынан құбыр өткіздік деп сүйіншілеген атқамінерлерден тұщымды жауап ала алмай отырмыз деп жұрт наразы.

"Осыншама ақшасы халыққа суды пайдалануға берілді деп, ал игерілгенмен біз халық оның игілігін көріп жатқан жоқ қой", - дейді Цемзауыт ауылының тұрғыны Айман Дегенова.

20 жыл тіршілік нәріне жарымаған жұрт шенеуніктер жаңа су құбырын тартқанда төбесі көкке жеткендей қуанған еді. Жұмыстар қызу жүргізіліп, жоба тапсырыс берушілерге де уақтылы өткізілген болатын. Бірақ таза судың рахатын тұрғындар көп көрмедік деп ашулы. Үш күн бойы сарқыраған ауыз су кенеттен тоқтап қалды деп отыр.

"Ашылған күні үш күн су берді. Одан кейін жоқ. Көктем кезінде бір он күнге берді одан кейін жоқ", - дейді Цемзауыт ауылының тұрғыны Гүлшара Болатбаева.

Шенеуніктер құрылысы былтырғы жылы аяқталған су құбырын қарамағына алатын мекемені әрең тапқандарын айтады. Сегіз ай бұрын берілуі тиіс ауыз суды қоспағанымыз содан дейді.

"Қарағанды су төлқұжатында ескертпелер табылды да, сол себептен біз сол төлқұжаттарды түзеттік. Сол себептен уақытты көп алды", - дейді Қарағанды қаласы құрылыс бөлімінің техникалық бақылау секторының бас маман Нұрлан Әбжанов.

Ал жаңбыр суын тұтынып отырған Цемзауыт ауылын атқамінерлер екі аптадан кейін сумен қамтамасыз етуге уәде берді. Оның өзінде 183 миллион теңгеге салынған құбырдың техникалық құжаттары реттелсе ғана.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel