RU
Қапшағайда кішкентай бала мүгедек әйелді қорлап, мазақ етті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қапшағайда кішкентай бала мүгедек әйелді қорлап, мазақ етті (видео)

Рассказать Вконтакте

Желіде мүгедек әйелді қорлап, оны мазақ еткен кішкентай баланың видоесы пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бала капшағай

Кадр видеодан алынды
Source: UGC

Бұл ақпаратпен "Менің Қапшағайым" қалалық қосымшаның менеджері Юлия Трофимова бөліскен.

Бұл жайт Қапшағай қаласында орын алыпты. Видеоролик авторы балалардың мүгедек адамды мазақ еткеніне наразылық танытқан.

Кадрлардан балалардың бірі орындықта отырған әйелге жақындап, оны теуіп, тиісе бастайды. Ол аздай, бала бөтелкедегі әлдебір сұйықтықты әйелдің үстіне құя жөнеледі. Ал сұйықтық біткен соң, ол бос бөтелкені жарымжанның бетіне лақтыра салған.

Юлия балалардың мұндай қылығы жазасыз қалмайды деп үміттеніп отыр.

Ол жасөспірімдер ісі жөніндегі қызметкерлерге хабарлапыс, шағымданатынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
3
1
2
11
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel