RU
Өзбекстандық азамат көмекке келген жедел жәрдем дәрігерін аяусыз ұрып тастады
Жаңалықтар Әлемде

Өзбекстандық азамат көмекке келген жедел жәрдем дәрігерін аяусыз ұрып тастады

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның Ферған облысы Алтыарық ауданында ер адам жедел жәрдеммен келген дәрігерді аямай соққыға алған. Бұл туралы ca-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

2018 жылдың 3 тамыз күні аудандық жедел жәрдем қызметіне Полосон ауылының тұрғыны Мирзажалил Хакимовтың туыстарынан хабар түскен. Ес-түссіз жатқан азаматқа көмек көрсету үшін жәдел жәрдем қызметінің кезекші дәрігері Шухратбек Сирожиддинов пен Умидахон Хусанова төрт минутта жетіпті.

Алайда дәрігер көліктен түсіп, аурудың үйіне кіре бастағанда немересі айғайлап, қолын ала жүгіріпті. Шухратбек Сиржиддинов ауыр жарақат алып, есінен танып қалған екен.

Соған қарамастан, медбике үйге кіріп, 70 жастағы ауруды қарапты. Сәлден соң есін жиған дәрігер де қарттың жағдайы нашар екенін анықтаған екен.

Жедел жәрдем дәрігері аудан ауруханасына ауыр жағдайда түскен. Ол қазір ем қабылдап жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
0
3
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel