Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыдырәлі мен Қарақат тұңғыштарының грантқа түскенін айтып, елден сүйінші сұрады

Опубликовано:

Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Қыдырәлі Болманов мен Қарақат Әбілдина тұңғыш ұлдарының грантқа түскенін хабарлап, елден сүйішнші сұрады. Емтиханнан 128 балл жинаған Бекболат Боламанов Еуразия ұлттық университетінің туризм факультетіне қабылданыпты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Тұла бойы тұңғыштарының мемлекеттік грант иегері атанғанына әсіресе Бекболаттың анасы Қарақат Әбілдина қатты қуанған сыңайлы. Ол өзінің Instagram парақшасында ұлына арнап жазба қалдырып, көптің ыстық ықыласын бөленді.

"Аяламыздың алысқа шыққан бұл алғашқы сапары. Аллаға шүкір теңізді мекен өзіне жаққан сияқты. Демалуға Түркияны таңдаймыз. Себебі барлық жағынан алып қарағанда бала үшін ең қолайлысы осы жер болып тұр. Ағасы да алғаш Түркия еліне 11 -айлығында келген еді, уақыт қандай шіркін зымырап өтіп жатыр екен-ау... Сол ұлымыз міне мектеп бітіріп студенттік өмірге аяқ басқалы тұр.

Бүгін грантқа өткен балалардың тізімі шығып, арасынан Бекамның фамилиясын көргенде, шүкір, бойымды қуаныш кернеді. Аналар менің сезімімді түсінер деп ойлаймын. Әрине, әр ата-ана баласының жолы болғандардың санатынан көргісі келетіні анық. Лайым солай болсыншы, әр қайсыңызға тілектеспін! Жаратушы Алла ұрпағымызбен сынай көрмесін!", - дейді белгілі әнші.

Айта кетейік, мемлекеттік грантты иеленген түлектердің тізімі кеше республикалық БАҚ беттерінде белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1746146-kydyrli-men-karakat-tgystaryny-grantka-tskenin-ajtyp-elden-sjinsi-srady/

pixel