RU
Ақбота Сейітмағамбет жүктілік кезінде көрген қиындықтарын еске алды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ақбота Сейітмағамбет жүктілік кезінде көрген қиындықтарын еске алды

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана заңды некелерін қидырған Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет бақытты отбасылық өмір сүруде. Бар қызықтары ұлы Ибраһим болып отыр. Осы орайда, отандық әнші өзінің жүктілік кезін еске алып, басынан өткен қиындықтарымен оқырмандарымен бөлісті деп жазады NUR.KZ.

Дәурен Айдарқұловпен бірде қосылып, бірде айырылысқан Ақбота бүгінде өзін бақытты сезінеді. Ол сүйікті адамының заңды әйелі болды.

Өзінің Instagram парақшасына өмірінде болған қызықтарымен бөлісетін әнші осы жолы жүктілік кезін еске алды. Ол аяғы ауыр болғанда басынан қандай қиындық өткенін жасырмай айтты.

"Жүкті кездегі күнім 42-аптада қалай өтті? Қазір соны ойласам күлкім де жылағымда келеді. Жүктіліктің бастапқы бес айы мен үшін қиын кезең болды. Бес айда бес рет ауруханаға жатып шығу деген бір сұмдық екен.
Күніге кезекте тұрып анализ тапсыру, қантсыз, тұзсыз тамақтар. Оның үстіне қысты күні бүкіл дүкендерді аралап "үнді қауынын" әрең тапқанымыз. Ал, қалған айлар 6-7-8-9 ойдағыдай өтті деп айта аламын, бірақ еркелік, аяқ асты түннің бір уақытында жылап сосын тойып тамақтану бұл менікі.
Ең қызығы өзімнің босану уақытымнан біраз уақыт асып кеттім. Сөйтіп үш күн толғатып, Алланың қалауымен 01.06.17 жылы кешкі сағат 18:25-те ұлым дүниеге келді.
Босану мен үшін қиын болды, түскі 11-ден кешкі 18:25-ке дейін босану залында болдым. Босана салып, наркозбен ұйқыға кеткенім әлі есімде", - деп сол бір күндерді еске алды әнші.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
0
1
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel