Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте құдалықта болған 11 адам уланып, ауруханаға түсті

Опубликовано:

Шымкентте құдалықта болған 11 адам уланып, ауруханадан бір-ақ шықты, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото РИА Новостb/Evgeniy Kalinovskiy
Фото РИА Новостb/Evgeniy Kalinovskiy: UGC

Оқиға Шымкенттегі кафелердің бірінде орын алған. Қуанышты отырыстан соң денсаулығы нашарлап ауруханаға түскендердің барлығы ересектер адамдар.

"Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 11 адам "өткір ішек инфекциясы" диагнозымен келіп түсті. Барлығы құдалықта болған екен. Қазіргі таңда нуқастардың жағдайы тұрақты. Біреуі ауруханадан шықты", - деді Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Жаппай улану оқиғасы бойынша Шымкент қаласы, әл-Фараби аудандық полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды.

"Улану" диагнозымен түскен тұрғындарға қатысты полицейлер "Санитарлық ережелер мен гигиеналық талаптарды бұзу" бабы бойынша іс тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - деді Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1746151-symkentte-kdalykta-bolgan-11-adam-ulanyp-auruhanaga-tsti/

pixel