RU
Ақмола облысында екі балалы әйелді болашақ жары тақырға отырғызып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Ақмола облысында екі балалы әйелді болашақ жары тақырға отырғызып кетті

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында тұратын екі баланың анасы альфонс жігіттің арбауына түсіп қалды. Ол өзіне үйленемін деп ант-су ішкен жігіттке сеніп, қолындағы бар ақшасын оған ойланбастан бере салған деп жазады Экспресс К газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақмола облысында екі балалы әйелге үйленбек болған жігіт оның бар ақшасын алып кетті

Көрнекі фото: Womens.love.ru

Щучинск қаласының тұрғынын екі жыл бұрын күйеуі екі баламен тастап кеткен. Жалғыз қалған ол өзін қолдайтын ер адаммен көңіл жарастыруды ойлаған. Алайда көп уақыт өтпей, әлеуметтік желіден бір жігітпен танысқан келіншек сан соғып қалатынын білмепті. Әйелдің туыстарымен танысып, оның сеніміне кірген жігіт оны алдап соққан.

Келіншекке күнде гүл шоғын әкеліп, көңілін жаулап алған ол одан қаржылай көмек сұрауға арланбайды. Ол бизнес ашуға қаражат керек екенін және жуық арада қайтарып беретінін айтқан. Келіншек оған ақшасын тауып беріпті. Алайда аз уақыт өткен соң, ол жол апатына түскенін айтып тағы көмек сұрайды. Қарызға кіріп жүріп, келіншек оның бұл өтінішін де орындайды. Бірақ жігіттің проблемалары мұнымен біте қоймапты.

Ол біресе анасы ауырып жатқанын, біресе елге қарыз екенін айтып, ақша сұрауын доғармаған. Бір қызығы, келіншек альфонстың арбауына түсіп қалғанын өте кеш білгенін айтады. Ол оның барлық айтқанына сеніп, айтқанының бәрін орындап келген.

Кейіннен ол мүлдем келмей кеткен жігітітті сотқа берген. Бурабай аудандық соты 35 жастағы астаналықты кінәлі деп тауып, оны төрт жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындапты. Сотталған жігіт келіншекке бес миллионнан астам қаражат беруге міндеттелген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
3
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel